Зілтемірші Айдар Казов Дохадағы Азия Кубогында «алтын» еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Айдар Казов 77 келіге дейінгі салмақ санатында ауыр атлетика бойынша Азия Кубогының жеңімпазы атанды.

Айдар қоссайыс жиынтығында ирандықтан бір балға озып, 317 (140+177) келі  көтерді. Осы санатта жарысқа түскен бағы бір спортшымыз 19 жастағы Жасұлан Қалиев алтыншы орын иеленді, деп хабарлайды sports.kz.

Еске салсақ, 14-17 қазанда Дохада (Катар) ауыр атлетика бойынша бірден екі турнир өтуде: Азия Кубогы және Катар Халықаралық кубогы.

Қазақстаннан бұл жарыстарға төрт спортшы қатысуда: Айдар Казов (77 келіге дейін), Жасұлан Қалиев (77 келіге дейін) Селімхан Әбубәкіров (105 + келі), Александра Аборнева (75+ келі).

Соңғы жаңалықтар