Зидан «Реалдан» кетсе команданы кім жаттықтыруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтің "Реал" футбол клубы Зиннедин Зиданның ізбасарын іздестіре бастады. Бұл туралы The Sun-ға сілтемемен Вести.кз хабарлады

Басылым ақпарат бойынша, Зиннедин Зидан қызметінен кеткен жағдайда бұл орынға қазіргі "Тоттенхэм" жаттықтырушысы Маурисио Почеттиноны шақыруға ниетті екен. Алайда "корольдік клуб" Зиданмен жақын арада келісімшартты бұзуға құлықты емес.

Айта кетейік, қазіргі таңда "Реал" Испания ла лигасында 8 ойыннан кейін 17 ұпай жинап, 4-орында келеді.

Соңғы жаңалықтар