Жылжымайтын мүлікті тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылжымайтын мүліктерді тіркеу қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрылыс саласында құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасы құрамында жобалардың экологиялық сараптамасы бөлігінде «бір терезе» ұстанымы жетілдірілетін болады. Құрылыс нысандарына бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тәртібі бекітіледі», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасын таныстыру барысында.

Оның айтуынша, қалалар үшін бірыңғай сәулет стилі ережесі, сондай-ақ техникалық шарттарды беру кезінде эскиз жобаларын, нысандардың бас жоспарларын беру кезінде жергілікті атқарушы органдарда артық келісуді алып тастау мақсатында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу тәртібі енгізіледі. Тапсырыс берушінің жерге тиісті құқығы болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың қосымша шешім талап етуіне тыйым салынады. Банкроттық және оңалту рәсімдерін қаржыландырудың қосымша көздерін тарту үшін, келесі шара болып, факторинг және қаржы лизинг құралдарын енгізу көзделеді.

«Сонымен қатар, жер және құқықтық кадастрды кейіннен біріктіру мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы қызметтерді Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясына» беру ұсынылады», - деді Тимур Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар