Жылжымайтын мүлік нарығындағы қызметтер көлемі бір жылда 15%-ке өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіш бойынша жылжымайтын мүлік нарығы қызметтерінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 188,48 млрд теңгеге - 14,6%-ға артты, деп хабарлайды Energyprom.

Риэлторлық қызметтер әсіресе еліміздің қаржы орталығы - Алматыда үлкен басымдылыққа ие (38,8% ҚР-дан, 73,16 млрд тг, + бір жылда 24,3%) және елордада (21% ҚР-дан, 39,59 млрд тг, + бір жылда 24,9%).

Сондай-ақ, сектордағы қызметтерге сұраныс өсімі Ақтөбе облысында да байқалады - бір жылда бірден +55,9%-ке, 6,05 млрд теңгеге дейін өскен.

2017 жылдың шілде айындағы көрсеткіш бойынша сату-сатып алу келісімдерінің саны 21,7 мыңды құрады, яғни 2017 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 7,8%-ке артық және былтырғы жылмен салыстырғанда, бірден 26,2%-ке көтерілген. Ең үлкен өсім көпқабатты үйлердегі пәтерлерде байқалды: жылдан жылға +29,6%, 14,3 мыңға дейін. Жеке үйлер бойынша келісімдер саны бір жылда 20,5%, яғни 7,4 мыңға дейін өсті.

Риэлторлардың пікірінше, бірден өсу байқалмайды, ал статистикалық мәліметтерде есептеу әдістемесінің ерекшелігімен түсіндіріледі.

Қазақстан риэлторларының бірлескен қауымдастығы мүшелерінің айтуынша, өсім көрсеткішіне нарықтағы келісімдер санының өсуі емес, бастапқы тұрғын үйге деген сұраныс пен тұрғын үйдің пайдалануға берілуінің жылдамдығы әсер етеді.

Мәселен, Homsters.kz порталында шілде айында көпқабатты үйлерден пәтер сатып алу өтініштері бір айда 20,6%-ке және бір жылда 47%-ке артты. Тұрғын үй нарығындағы орташа бағаның төмендеуі жалғасып келеді. Осылайша, шілде айында жаңа үй сатып алу бағасы бір жылда 1,5%-ке төмендеді, екінші деңгейлі нарықтағы көпқабатты үйден пәтер сатып алу құны - 1,7%, көпқабатты емес үйлерде - 0,6%, элиталы үйлер - 0,4%.

Осы кезеңдегі жалға алу бағасы керісінше өсіп келеді: бір жылда +1,7%-ды құрады.

Шілде айындағы көрсеткіш бойынша жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялардың саны бір жылда 0,3%-ға, 17,3 мыңға дейін артты.

Олардың қатарында жұмыс істеп келе жатқандары 11,7 мың (бір жылда +0,1%), белсенділері - 8,5 мың (бір жылда +2,6%).

Соңғы жаңалықтар