«Жылы аялдамалардағы» бұзақылық әрекеттер - Астана әкімдігінің жауабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел арасында «жылы аялдама» ретінде танылған павильондардың кейбірінде жазда салқындатқыш жүйесі жұмыс істемей тұрды. Бұған Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аялдамалардағы салқындатқыштары көпшілік жағдайларда бұзақылардың кесірінен бұзылып жатады», - дейді басқармадағылар.

Ведомствоның хабарлауынша, қаладағы 27 жабық аялдамаға салқындатқыш жүйесі орнатылған.

«Сондай-ақ «жылы аялдамаларды» жобалау және құру кезінде ішінде желдеткіші бар саңылаулар орнату жағы да қарастырылған. Олар қазір жұмыс істеп тұр», - дейді Астана көлік құралы басқармасының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар