Жылуға қарызы бар шымкенттіктердің банктегі есеп-шоттары бұғатталуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте жылуға қарызы бар тұтынушылардың банктегі есеп-шоттары бұғатталатын болды. 

Бұл туралы жылу беруші компания өкілдері мәлімдеді. Миллиондаған қарызын қайтара алмай отырған компания басшылығы  осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі жылу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде "Қуат жылу орталығы-3″ мекемесіне  тұрғындар  309 миллион теңге қарыз болған.  Компания өкілдері қарызды қайтару үшін  сот орындаушыларымен тығыз жұмыс істеуде. Жылу берушілер қарыздарынан құтылмаған тұрғындарды тез арада берешекті өтеуге шақырады. Кері жағдайда қарыздар сот арқылы өндіріп алынады. Қазірдің өзінде берешегі бар тұтынушыларға қатысты сот шешімдері шығып, олардың банктегі есеп-шоттары уақытша жабылуда екен. Мәселен, жылумен қамтылған 65 мың абоненттің ішінде 3636-сының қарызы 100 мың теңгеден асып кетіпті.  

Соңғы жаңалықтар