Жылу жүйесіне тарифті көтеру туралы 8 рет өтініш түсті - Бауыржан Байбек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала тұрғындарының алдында есеп берген қала Алматының әкімі коммуналдық төлемдердің бағасына қатысты мәселені жан-жақты түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы әкімі жыл беру мекемелері соңғы 5 жылда монополияға қарсы комитетке бағаны көтеру туралы 8 рет өтініш бергенін айтты.

«Соңғы 5 жылда жылу берушілер тарифті көтеру туралы монополияға қарсы комитетке 8 рет өтініш берген. Тек, соның 3 өтінішінде ғана бағаны көтеруге рұқсат алды. Ал қалған баға айырмашылығын әкімдік демеу қаржымен жауып келеді. 2015 жылдан бері тарифті тұрақты ұстап тұру үшін қала бюджетінен 3 млрд теңге бөлінді. Ал жылу жүйелері нжаңғыртуға 100 млрд теңге берілді. Былтыр Алматы мен Алматы облысы тұрғындарына қатысты газдың тарифы бойынша мәселе қарастырылды. Алматы бұл бастаманы қолдамады, себебі баға алматылықтар үшін 16 пайызға қымбаттап кетер еді. 1,5млн-ға жуық адам қазір біз ұстап тұрған баға бойынша коммуналдық төлемдерді төлеп отыр. Ал бұл алматылықтардың 80 пайызы. Егер әкімдік сол демеуқаржыны бермегенде тұрғындар жылу жүйесі үшін қазіргіден 35 пайыз қымбат төлер еді», -деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда 40 пайыз үйлерде жалпы есеп құрылғысы орнатылмаған. Сондықтан олар, құрылғысы барлармен салыстырғанда 36 пайыз көп төлейді. Алматы әкімі коммуналдық төлемдер жеке адамның жалпы табысынан 10 пайыз жоғары болса, жергілікті бюджеттен көмек берілетінін айтты. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлік, мекенжай анықтамасы, коммуналдық қызметке төлемінің түбіртегі мен жұмыс орнынан анықтама тапсыру қажет.

Жалпы, Алматы әкімдігі бағаны тұрақтандыру үшін әлемуеттік маңызы бар 43 өнім түріне жүйелі түрде демеуқаржы бөліп келеді.

Соңғы жаңалықтар