Жылу қазандығының жарылуына байланысты Шахандағы әкімдік қызметкерлері шартты мерзімге сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Шахандағы бес қабатты үйдегі тоғыз адамның өліміне себепкер болған жылу қазандығының жарылғандығы туралы іс бойынша Шахан ауылының әкімі, оның орынбасары және тағы үш шенеунік шартты мерзімге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұдан өзге, судья Мағауя Балапанов олардың үш жыл ішінде мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды. Үкім Шахан ауылының әкімі Мұрат Жақыпов, оның орынбасары Әкетай Нәжмиден, әкім аппаратының коммуналдық мәселелер жөніндегі бас маманы Мария Жұмабекова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, автожолдар және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмас Омарханов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тұрғын үй секторының бас маманы Нұржан Маханбетовке қатысты шығарылды. Тергеу нәтижесі бойынша, олардың әрекетсіздігінен жылу қазандығы өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес күйде пайдалануға берілген. Ал, ол өз кезегінде қазандықтың жарылуы мен тоғыз адамның өліміне әкеп соқты.

Сотталушылар кінәларын мойындаған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар