Жыл сайын әкімдіктер ТҮҚЖБ салымшыларына 15 мың пәтер салады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын әкімдіктер Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 15 мың пәтер салады. Бұл туралы Парламент Сенаты «Өңір» депутаттық тобының «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбына арналған дөңгелек үстелде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында негізгі бес бағыттың төртеуін іске асыруға қатысады. 2017 жылдың 10 айында бағдарламаның бағыттары бойынша тиісті нәтижелерге қол жеткізілді. 2017 жылдан бстап холдинг несиелік баспана бағыты бойынша тек жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы ғана тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда. Барлық қаржы, сондай-ақ жобаларды іріктеу, құрылыс салушыларды анықтау, мониторинг жүргізу қызметтері жергілікті атқарушы органдарға берілді»,- деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылға 28,8 млрд теңгеге облигациялар сатып алу жоспарланған, дегенмен де 69,6 млрд теңгеге әкімдіктердің облигациялары алынды. Осылайша, бұған дейін бөлінген барлық қаржы толық игерілді.

 «Айналымдағы қаражат есебінен әкімдіктер жыл сайын Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 15 мың пәтер салатын болады. Осы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдік қарыздарын халыққа беру аясында 150,8 млрд теңге жоспарланғанымен, жалпы сомасы 226 млрд теңгеге 33 мың қарыз берілді. Бүгінде аталған банк жүйесінде 484 млрд теңге жинақтық сомасында 1 млн шарт бар»,-деп нақтылады Өскенбаев.

Құрылыстың елеулі көлемін есепке алып, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының қарқыны бойынша тұрақты талдау жүргізілуде.

«Осыған байланысты тұрғын құрылыс жинақтарын одан әрі ынталандыру үшін ТҮҚЖБ тарапынан бизнес-процестер бойынша талаптар оңтайландырылды. Бұл өз кезегінде құрылыс жинақтары туралы күн сайын жасалатын шарттар санын 1 мыңнан 2,5 салымшыға дейін, яғни 2,5 есеге көбейтуге қол жеткізді. Осы шаралар баспана құрылысы жинақтары жүйесіне жыл сайын жаңа салымшыларды 35 пайызға арттыруға мүмкіндік берді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар