Жыл қорытындысы: Ақмола облысындағы 10 айтулы оқиға

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астаналық өңір Ақмола облысы үшін өтіп бара жатқан 2017 жыл табысты болды. Табыс тасқынын еселеуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өңір диқандарының қосқан үлесі елеулі болып отыр. ҚазАқпарат Ақмола облысында болған биылғы 10 айтулы оқиғасын тізбектейді.

Нан болса, ән де болады

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан мәлім еткендей, жауапты науқанды Біржан сал (Еңбекшілдер), Жарқайың және Ақкөл аудандарының диқандары қарқынды өткізді. Облыс бойынша 4,3 миллион гектар алқаптан 5,1 миллион тоннадан астам астық жинап алынды. Облыс бойынша гектар берекесі орташа 11,8 центнерден айналды. Ал Зеренді және Сандықтау аудандарында бұл көрсеткіш 17 центнерге жетті. Сонымен қатар, келер жылға қажетті 522,8 мың тонна тұқым қоры жасалды. Науқанды уақытылы әрі жақсы көрсеткішпен аяқтауға Сандықтау ауданының «Свободный» серіктестігі, Есіл ауданының «Заречный» серіктестігі, Жақсы ауданының «Труд» серіктестігі, Аршалы ауданының «Ижевский» өндірістік кооперативі, Астрахан ауданының «Фермер-2002» серіктестігі сынды шаруашылықтар өз үлестерін қосқанын айта кеткен ләзім.

Асыл тұқымды мал басы көбеюде

Ағымдағы жылдың басында Ақкө­л ауданында асыл тұқы­мды мал шаруашылығы (­репродукторлар) желіс­ін құру бағытында қол­ға алынған «SC Food» ЖШС толық қуатына шық­ты. Бұл мал шаруашы­лығы кешені 2011 жылды­ң соңында құрылып, өз­інің жұмысын «Ірі қар­а мал етінің экспортт­ық әлеуетін дамыту» ж­обасының шеңберінде ж­үзеге асырып келеді. ­Бұл Азат ауылында орн­аласқан 2400 басқа ар­налған репродуктор. Қазіргі кезде мұнда 2400 ірі қараны бағуда. Шаруашылық­тың 50 мың гектарға ж­уық жері бар. Оның 33­ гектары шабындық та, қалғаны­ мал жайылымы.

«Абердин Ангус» тұқым­ды асыл тұқымды малды­ң бірінші легі осыдан­ 5-6 жыл бұрын (1000 ­бас) АҚШ және Австрал­иядан әкелінді. Осы күні бұл малдар ­Арқаны жерсін­іп үлгерді. Шаруашылық жы­л сайын орташа алғанд­а 100 бас асыл тұқымд­ы ірі қара малды Ақмо­ла, Солтүстік Қазақст­ан, Қостанай жəне Қар­ағанды облыстарындағы­ шаруашылықтарға тірі­дей сатуда. ЖШС ба­с директоры Мақсұт Б­ақтыбаев атап өткенде­й: «Бүгінгі күні елім­ізде «ангус» тұқымын өсіретін санаулы шару­ашылық қана бар. Бізд­ің мақсатымыз - олардың­ санын арттыру. Себеб­і «ангус» тұқымы  сол­түстік климатқа бейім­, өсімтал. Әрі оның е­ті әлемдік нарықта жо­ғары сұранысқа ие». Сонымен қатар, шаруаш­ылық меншігіндегі ірі­ қараға қажетті бір жарым жылдық жемшөп қо­ры жеткілікті мөлшерд­е әзірленген. Бүгінде­ мал күтімімен 50-ге ­жуық адам айналысады.­ Олардың барлығы дерл­ік жергілікті тұрғынд­ар.

Ақмоланың тарихи жерлері «Қазақстанның киелі географиясы» картасына енді

Тарихи ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Қуаныш Шақшақовтың айтуынша, республикалық киелі орындар картасына Ақмола облысынан он нысан енген. Олардың қатарында Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Құмай ескерткіштер кешені, Бытығай кесенесі, Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңы мен кешенге кіретін тарихи орындар, аңыз әңгімелерге негіз болған Оқжетпес шыңы, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр кесенесі, Жақсы ауданының аумағындағы Баубек батыр мазары сияқты орындар бар.

Тағайындаулар

Ақмола облысы үшін биылғы жылы тағайындауларға толық болды. Алдымен, 2017 жылдың 14 наурызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Мәлік Мырзалин облыс әкімі қызметіне тағайындады. Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин 1971 жылы 31 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Мәлік Мырзалиннің өңірге әкім болып келуінен өңірде әлеуметтік-өндірістік салада оң өзгерістер байқала бастады. Кейін облыс әкімі өзінің орынбасарлары етіп Олжас Абайұлы Бектеновты, Василий Леонидович Крыловты, Айна Ермекқызы Мысырәлімованы, Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаевты және облыс әкімі аппараты басшысы Қанат Бейбiтұлы Шөкеневті тағайындады. Сонымен қатар, Есіл, Жарқайың, Атбасар, Астархан, Бурабай, Зеренді аудандарының да әкімдері мен облыстық денсаулық, білім, тілдерді дамыту, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары мен жергілікті полиция қызметінің басшылары да ауысты.

Академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші

null 

Степногор қаласында қазақ халқының біртуар ұлы, ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне ескерткіш орнатылды.

Вокзал маңындағы алаңға орнатылған ескерткіш қала келбетін ашып тұр. Мүсіннің биіктігі - 3,6, ал постаментпен бірге - 7 метр. Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші айналасындағы безендірілген, абаттандырылған демалыс орны қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналатынына кәміл сенуге болады. Ескерткіштің авторы танымал суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі - Азат Баярлин.  Ескерткішті ҚР Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров жəне ғалымның немересі Әлима Қайнекейқызы Жармағанбетова ашты.

Бурабайда тұңғыш рет «Қансонар» халықаралық турнирі ұйымдастырылды

null 

Тәуелсіздік мерекесі жəне атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлының құрметіне ұйымдастырылған халықаралық турнирге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Венгрия және Ресейден келген саятшылар қатысты. Жарыс барысында 41 бүркіт, 4 қаршыға жəне 4 сұңқар құсының ептілігі мен алғырлығы сынға түсті.

Турнирдің ашылуына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова, Қазақстан Республикасындағы Монғолия мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лувсан Баттулга, Венгрия Республикасының Төтенше жəне Өкілетті Елшісінің орынбасары Шандо Дороги жəне еліміздің ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Бас жүлдеге Ақмола облысы əкімдігі атынан темір тұлпар тігілді. Оған қоса, ҚР ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық қауымдастық тарапынан 2 миллион теңге қаржы бөлінді.

null 

Нәтижесінде, бас жүлде - автокөлікті Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданынан келген саятшы Қанат Шүленбаев жеңіп алды. Халықаралық доданың өзге де жүлдегерлері сый-сияпаттарға ие болды.

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетіне 100 жыл толды

null 

Осыған орай Көкшетау қаласында халқымыздың ұлы ақыны әрі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сəкен Сейфуллин негізін қалаған Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 100 жылдығына орай «Тіршіліктің үзілмейтін ғұмыры «Арқа ажары»-100» атты салтанатты шара өткізілді. Аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен шараға «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қаменов, Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Алаш» сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымның депутаты, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайыл, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, профессор Амангелді Смайылов, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Арындар шақырылды.

Сонымен қатар, «Арқа ажары» газеті редакциясы ғимаратының сыртына осы газеттің негізін қалаған қазақтың атақты ақыны, мемлекеттік қайраткері Сəкен Сейфуллиннің құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

 Еңбекшілдер ауданының атауы Біржан сал болып өзгертілді

«Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 желтоқсан № 605», деп көрсетілген Елбасы Жарлығында.

Біржан сал 1834 жылы осы Еңбекшілдер ауданы аумағында дүниеге келіп, кейін 63 жасында туған жерінде қайтыс болған. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға.

Тұңғыш рет наубайханашылар өзара сайысты

null 

«World Skills Kazakhstan-2017» атауымен Атбасардағы №11 Агротехникалық колледжінде тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа облыстағы 7 колледждің студенттері қатысты. Жеңімпаздар қамыр илеу, майқоспа тоқаш пісіру, нан, круассандар пісіру бойынша анықталды.

null 

Мəскеу бағытындағы əуе рейсі қайта жаңғыртылды

null 

2017 жылдың мамыр айынан бастап Көкшетауға Мәскеуден ұшақтар қатынай бастады. Алғашқы рейсті қала әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырxанов, әуежай әкімшілігі мен журналистер қарсы алған болатын. Алғашқы рейспен Мәскеуден 25 жолаушы ұшып келді. Ұшу ұзақтығы 3-3,5 сағатты құрайды. Билеттің құны 50 мың теңгеден астам.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Көкшетау əуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екі рет ішкі әуе рейстері қатынайды. Оған қоса, ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап Шымкент-Көкшетау-Шымкент əуе бағыты қалпына келтірілді. Бұл рейстер аптаның жұма жəне жексенбі күндері СКАТ əуе компаниясының CRJ-200 əуе кемелерімен жүзеге асырылады. Ал Мәскеу бағытындағы әуе рейсі Көкшетау халықаралық əуе жайы арқылы əр жексенбі сайын «Авиакомпания S7» əуе компаниясының Airbus A320 жайлы ұшақтарымен Ресей астанасы «Домодедово» əуежайына тікелей қатынайды.

Соңғы жаңалықтар