Жыл басынан Қазақстанда жәрдемақыға 43 млрд. теңге бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 42,1 млрд. теңге қарастырылса, ал № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларға 0,9 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 505,3 мың адамды құраса, асыраушысынан айырылуы бойынша 171,5 мың адамға, жасына қарай 3,3 мың адамға төленуде. Аталған кезеңдегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа көлемі:  мүгедектік тұрғысында - 32 мың 28 теңге; асыраушысынан айырылған жағдайда - 28 мың 770 теңге; жасына қарай - 12 мың 719 теңге»,-деп атап өтілген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 наурызындағы дерекке сәйкес, елімізде № 1 және № 2 тізімдері аясында мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар саны 20,6 мыңды құрап отыр.

«Ағымдағы жылдың басынан есептегенде, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар көлемі тиісінше 21 мың 374 теңгеге және 19 мың 15 теңгеге көтерілді»,-делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар