Жыл басынан елордада АИТВ дертіне шалдыққан 8 шетелдік тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 8 айында елордада АИТВ ауруына шалдыққан 8 шетелдік тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына орай Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Мусина мәлім етті.

«Қазіргі таңдағы әлеуметтік маңызы бар дерттердің бірі - АИТВ ( адамдағы имун тапшылығы вирусы). Бұл жұқпамен ауыратын адам алғаш Астанада 1997 жылы тіркелген болатын. Сол уақыттан бүгінге дейін үдемелі өсіммен алғанда қаламызда 1160 жағдай есепке алынды. Оның 139-ы - шетел азаматтары. Биылғы жылдың сегіз айында ғана 8 шетелдік азамат жаңадан тіркеуге алынып отыр», - деді ол.

С.Мусинаның сөзіне қарағанда, олар Қазақстан азаматы болмағандықтан тегін ем қабылдай алмайды. Емделу тек ақылы негізде ғана жүргізіледі.

«Жалпы, Қазақстан Республикасының ережелері бойынша елімізге алты айдан көп немесе тұрғылықты тұруға келген шетелдік азаматтар ғана ЖИТС-ке тексерілуге міндеттеледі. Сол себепті, ЭКСПО көрмесі кезіндегі келіп-кетушілер тек өз қалауларымен ғана ЖИТС-ке тексеріледі. Орталық оларды міндеттей алмайды», - деді бас дәрігердің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар