Жыл басынан бері 57 қазақстандық пойыз астына түсіп қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елде алты ай ішінде пойыздың астына түсіп қалғандар саны 57-ге жетті, олардың жартысына жуығы қаза тапқан. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.

2017 жылғы 6 айда  темір жолда жүруге тыйым салынған жерден өткені үшін 15 838 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, пойызды шұғыл тежеуге тура келген  761 жағдай тіркелді, оның ішінде темір жолда адамның болуы себебінен - 358, малдық өтуіне байланысты - 304 факті,  сондай-ақ жолда бөгде заттың болуы себебінен 8 факті белгіленді.

Көліктегі ІІД баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова атап өткендей, негізгі себептер - өтуге болмайтын орыннан өту, қауіпсіздік қағидаларын сақтамау. Оның айтуынша, 6 айда темір жолда 5 бала  жарақат алған, оның екеуі көз жұмған.

Сонымен, осы жылғы 7 шілдеде «Құмшағал-Шөлдала» өткелінде электровоз 12 жастағы баланы басып кетті. Зардап шегуші Тараз қаласына ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты. Факті ҚР ҚК 344-бабы бойынша бірыңғай соталды тергеу  тізіліміне тіркелді.

Соңғы жаңалықтар