Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
2017 жылғы 16 қыркүйек 14:00 1600

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Қазақстанда «Қаратау-2017» әскери жаттығуы басталды - Fars ақпарат агенттігі


Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

«Қазақстанда 10000 әскери қатысатын «Қаратау-2017» әскери жаттығуы басталды» деп жазады ирандық танымал ақпараттық агенттік.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Қорғаныс министрі Сакен Жасұзақовтың бұйрығымен осы ел Қарулы күштерінің стратегиялық амалдарға арналған «Қаратау-2017» атты кең ауқымды жаттығулары 10000 әскеридің қатысуымен  басталды. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жаттығулардың мақсатын елдің Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығын тексеру деп жариялады. Жаттығуларға елдің  шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі әскери бөлімшелер қатысады. Жаттығу барысында 1500-ден астам әскери техника, 40 ұшақ пен тікұшақ,  сондай-ақ, елдің теңіз күштерінің кемелері қолданылады. Қазақстан Қарулы күштерінің осы кең ауқымды стратегиялық әскери жаттығуларын басқару міндеті елдің Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі ел Қарулы күштерінің орталық штабының қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке жүктелді. Жаттығулардың ерекшелігі әскерилердің үлкен тобын төрт бағыт бойынша бір уақытта басқару, Қарулы күштердің барлық тармақтары, әскери бөлімшелері мен дайындау бөлімдерінің әріптесе әрекет етуі, сондай-ақ, әскери күштер мен барлау құрылғыларының әлеуетін бағалау болып отыр» деп түйіндейді parstoday.  

Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі   - «Женмин жибао» (People Daily)



Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу


Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу


Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Дәл осындай тақырыппен kazakh.people.com  ақпараттық сайтында фоторепортаж жарияланды. Тарихтан бері ұлы Жібек жолының маңызды бекеті болып келген «Қорғас» кеден бекетінің Қытай жағындағы қазіргі көрінісі жарияланған.

«Шыңжаңның Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты, Қытай - Қазақстан шекарасындағы Қорғас ауданы -  тарихтан бері Жібек жолы бойындағы маңызды бекеттердің бірі болып саналады. Қорғас өткелі ресми түрде 1881 жылы  ашылған. Ал 2012 жылы Қытай - Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы болып ресми іске қосылды» деп жазады аталған ақпарат көзі.

«Қытайдың Мемлекеттік кеңесі 2014 жылы Шыңжаң Ұйғұр автономия аумағындағы аудан дәрежелі Қорғас қаласын дамыту жоспарын бекітті. Бүгінгі таңда, жүз жылдан аса тарихқа ие өткел заманауи қатынас жүйесін құрып, бұрын-соңды болмаған өміршеңдік қуат байқатты. «Қорғас» кеден бекетіне қатысты мәліметтерге қарағанда, биыл қаңтардан тамызға дейін аралықта жүк тасымалдау импорт-экспорт көлемі 19 миллион 372 мың 700 тоннаға жетіп, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 14.2%-ға артқан. Жүк тасымалдау импорт-экспорт саудасының жалпы сомасы 7 миллиярд 17 миллион 900 мың юань болды. Ол өткен жылғы осы мезгілмен салыстырғанда 29.87%-ға өскен» деп жазады «Женмин жибао».

 

«Пайғамбар сөзі» көрмесі - trt.net.tr

Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу 

«Ислам өнерінде Пайғамбар сөзі» атты көрме Татарстанда ашылды. Бұл туралы осы аптада Түркия радио теледидар агенттігі хабарлаған болатын.

«Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда «Ислам өнерінде Пайғамбар сөзі» атты көрме ашылды.

Құл Шариф мешітіндегі Ислам Өркениеттері мұражайында ашылған көрмеде Ресей, Ұлыбритания, Германия және Голландияның жеке коллекционерлерінің 27 бұйымы көрмеге қойылды.  Коллекцияда XIII-XIX-ғасырлардан қалған қылыштар, алтын жіппен көмкерілген кілем, жайнамаздар,  түрлі әшекей мен зергерлік бұйымдар, Үндістанда ХYII ғасырда басылған мұқабасы тері Құран кітап бар.

Көрменің беташарында мешіт имамы Илфар Хесенов дұға оқып,  Татарстанның камералық оркестрі діни ән шырқады.

Халықаралық Қазан мұсылман фильмдерінің фестивалі аясында ашылған көрмені 10 қараша күніне дейін аралап көруге болады» деп жазады trt.net.tr жазады.

 

Қытай павильоны «ЭКСПО-2017» көрмесінде «Әлемдік көрме сыйлығының» күміс жүлдесіне ие болды - «Женмин жибао»


Жүз жылдық тарихы бар Қорғас өткелінің бүгінгі бейнесі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Қытай елі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің негізгі серіктестерінің бірі болғаны белгілі. Қытайлық тарап Астанада өткен әлемдік көрмеде барынша белсенділік танытты.  «Женмин жибао» ақпараттық порталы осы аптада Қытай пвильонының әлемдік көрме аясындағы жеңісін өз оқырмандарымен қуана бөліскен екен. 

«Бұл реткі Астанадағы  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесініне қатысқан 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар арасынан Қытай павильоны «A» дәрежелі  павильондардың күміс жүлдесіне ие болды. Бұл 2012  жылғы Оңтүстік Корея мен  2015 жылғы Италия Милан әлемдік көрмесінен кейінгі қытайлықтардың келесі бір мәртебелі сыйлықты еншілеуі» деп мәлімдеген аталған ақпарат көзі.

Айта кету керек, «ЭКСПО-2017» көрмесінде қытай павильоны «Болашақ энергия, жасыл Жібек жолы» тақырыбын негіз етіп, әлемдік көрмеге қатысқан шетелдік павильондың ішінде ең үлкені болды деп түйіндейді kazakh.people.com.

 

 

Басты сөздер: Қандастар, БАҚ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер