Журналистика ғылыми-зерттеу орталықтарымен жеткіліксіз жұмыс істеуде - Асылбек Бисенбаев

None
None
НАНКИН. ҚазАқпарат - «Бір белдеу, бір жол» елдеріндегі журналистика ғылыми-зерттеу орталықтарымен белсенді жұмыс істемейді.

Бұл пікірін бүгін Жібек жолы бұқаралық ақпарат құралдары ынтымақтастығының алғашқы форумында  «Комсомольская правда - Казахстан» газетінің бас директоры Асылбек Бисенбаев мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Біздің елдерде журналистика ғылыми-зерттеу орталықтарымен айтарлықтай белсенді жұмыс істемейтінін атап өту керек.  Кейде сенсациялар  мен тираждар қуып,  тілшілер статистиканы дұрыс ұғынбай, саяси оқиғаларға бұрмаланған баға беруі мүмкін. Сондықтан тағы бір міндет - материалдарымыздың сапасын арттыру. Және бұл мәселеде сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық маңызды. Біз ықпалдастық жайымен әріптес-журналистерге ғана емес, сонымен қатар Жібек жолы белдеуіндегі кез келген елдің сарапшысына жүгіне алуымыз керек. Бұл материалдарымыздың сапасын арттырып қана қоймай, барынша объективті болуға көмектеседі», - деді ол «Жібек жолының бірлескен құрылысы аясында БАҚ ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері, сын-тегеуріндері» тақырыбындағы панельді сессияда сөйлеген сөзінде.  

Оның сөзіне қарағанда, журналистің міндеті ақпаратты беру ғана емес, сонымен бірге оған объективті және таразыланған баға беру.

Форум «ЭКСПО әлемнің тарихи және мәдени қалалары» аясында өтіп жатыр. Оны Қытайдың шет тілдердегі әдебиеттер баспа басқармасы мен «Жэньминь хуабао» (China Pictorial) баспасының қолдауымен және жәрдемдесуімен Нанкин үкіметі ұйымдастырды, деп хабарлады Нанкин баспасөз кеңсесі және Нанкин радио хабар тарату, кинематография және телевидение корпорациясы.

Форумның басты тақырыбы - «Пікір біртұтастығы, бірлескен құрылыс, ортақ күштердің жемісін пайдалану: «Бір белдеу, бір жол» аясында БАҚ ынтымақтастығы. Оған «Бір белдеу, бір жол»  маңында орналасқан 13 елден 20 медиа құрылым өкілдері қатысады».

Шара үш панельді пікірталас өткізуді көздейді: «Жібек жолының бірлескен құрылысы аясында БАҚ ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері, сын-тегеуріндері», «БАҚ халықтардың өзара түсіністігін қалай нығайтады»,  «Бір белдеу, бір жол» қалаларының үлгілері», халықаралық аренада мәдени білімдерді тарату».

null 

Соңғы жаңалықтар