Журналистерге арналған тағы бір конкурс жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналистерге арналған конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурстың тақырыбы - «Кәсіби мемлекеттік қызмет - бәсекелестіктің кілті». Оған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатыса алады. «Конкурсқа 1 қаңтар мен 10 маусым аралығында баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидар мен әлеуметтік желілерде жарық көрген журналистік материалдар қабылданады. Жеңімпаздар төрт аталым - «Үздік теле/радио сюжет немес теле/радио сюжеттер циклі», «Баспа беттеріндегі үздік материал», «Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының үздік материалы» және «Әлеуметтік желіледегі үздік материал» бойынша марапатталады», - делінген ресми хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар