Журналистерді алғаш рет «Парламент сөзі» сыйлығымен марапаттайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 маусымда Мәжіліс бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін «Парламент сөзі» сыйлығымен марапаттайды.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламенттік сыйлықпен  палата депутаттарының заң шығару қызметін теледидар, мерзімдік баспасөз беттерінде және ақпараттық агенттіктер мен радиода үздік жазып, көрсеткендер марапатталады.

Сонымен қатар, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның аяғында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша Мәжіліс Бюросының шешімін жариялаған болатын.

Биылғы жылы «Парламент сөзі» сыйлығы алғаш рет тапсырылғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар