Журналистер министрлердің артынан жүгірмесе де болады - ОКҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі жұмысының форматын тағы да жаңартты. Енді, аталған қызметтің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың ел оқиғаларына қатысты баяндамасынан кейін әрбір министрліктің баспасөз xатшылары журналистердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі брифингке Ішкі істер министрлігі, Дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлік, Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз xатшылары келмеді. Дегенмен, баспасөз мәслиxатына қатысқан xатшылардың дайындығы тиісті деңгейде болған жоқ. Себебі журналистер олардың жауаптарынан тұщымды ақпарат шығара алмады. Мәселен, Қорғаныс министрлігінің ақпарат және коммуникациялар департаменті басшысының орынбасары Қайыргелді Құсайынов қар көшкіні кезінде сарбаздардың қайтыс болуына байланысты тергеудің барысы жайында айтып берді. «Шыны керек, бұл - үлкен трагедия. Меніңше, комиссияға енген адамдардың барлығы білікті мамандар. Қазіргі кезде алдын ала ештеңе айта алмаймын. Комиссияның өзі тиісті бағасын береді», - деді Құсайынов. Сондай-ақ ол көлікті мас күйіде жүргізген әскери полиция қызметкерінің жұмыстан қуылғанын жеткізді. Осыдан кейін Энергетика министрлігінің, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінің өкіліне сұрақ қойылды. Алайда екі ведомствоның өкілдері аталған сұрақтардың кейін жауап беруді сұрады.

«Біздің негізгі мақсатымыз - толыққанды ақпарат беру. Журналистер министрлердің артынан жүгірмейтіндей, көкейлерінде жүрген сұрақтарға осы жерден бірден жауап алатындай брифингтерді осы форматта өткізуді қолға алып отырмыз. Енді, әрбір дүйсенбі сайын баспасөз xатшылары осында келіп, барлық сұрақтарға жауап беретін болады. Ведомствоның баспасөз xатшысы мен ресми өкілі қызметтері сол үшін енгізілген. Олар өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның ресми ұстанымын білдіруі тиіс. Бүгін дайындықтары дұрыс болмады. Келесі жолы баспасөз xатшыларынан дайындалып келуді сұраймын», - деді Мұрат Жұманбай. Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураның баспасөз xатшыларына тиісті шақыру жіберіледі. Алайда олардың жаңа форматтағы брифингтерге қатысуы-қатыспауы әлі белгісіз.

Соңғы жаңалықтар