Жүргізушісі жоқ КамАз екі автокөлікті соқты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жүргізушісіз КамАз ылдидан сырғып кетіп, «жаяу жүргіншілер» жол белгісі мен қоқыс жәшігін талқандап, екі автокөлікті соқты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Иесіз қозғалған ауыр жүк көлігі Қарағанды көшелеріне біршама материалдық шығын келтірді.

«Коммуналдық меншіктегі қоқыс жәшігі мен ағаштарды, жол белгісін бүлдіргені үшін жүргізуші жауап береді», - деді Қарағанды әкімдігінің абаттындыру бөлімі.

null 

Қарағанды облысының ішкі істер департаменті баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы Батырхан Смаиловтың айтуынша, аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) тергеу амалдары басталған.

null 

Соңғы жаңалықтар