Жүрегі ауыстырылған қазақстандық Испаниядағы Дүниежүзілік Ойындардың жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Астаналық Гүлмира Смайылова Испанияда өткен 21-ші жазғы Дүниежүзілік Трансплант-ойындарында бірінші орын иеленді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жүрегі ауыстырылған қазақстандық Гүлмира Смайылова Қазақстан құрамасының қанжығасына бірінші алтын медальды салды. Ол әйелдер арасында өткен  боулинг жарысына қатысты. Венгрия спортшысы күміс, Англия өкілі қола иеленді», - деді команда капитаны Жәнібек Оспанов.

Әйелдер арасындағы боулинг бойынша Қазақстан құрамасы Жапония, Италия, Гонконг, Австралия командаларымен бірге алтын медальмен  үшінші орында, Канада 3 алтын, 1 күміспен  көш бастап тұр, екінші орында екі алтын, бір күміс медальмен Тайланд құрамасы.

Еске салсақ, Қазақстан донор органмен адамдар арасында өткен «Олимпиадаға» алғаш рет қатысуда. 21-ші Дүниежүзілік Трансплант-ойындарына 6 қазақстандық спортшы қатысуда: Жәнібек Оспанов, Гүлмира Смайылова, Асхат Қаликешов, Ержан Мұхамадиев, Жеткіншек Нұров, Әпресхан Қобдахан. Үш қатысушы - жүрегі ауыстырылған, үшеуі - бүйректері ауыстырылғандар. Олар жүзу, үстел теннисі, боулинг  жарыстарына қатысады.

Соңғы жаңалықтар