Жұмыссыз қалған салық қызметкерлері қайда барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда салықтық және кедендік тексерулер саны қысқартылды. Осы орайда, ҚР Қаржы министрлігі қызметкерлердің оңтайландырылған жаңа штаты жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бақылау-қадағалау функцияларына жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша және 2017 жылы салықтық және кедендік тексеру санының 45% (жоспар бойынша 37,5 пайыз) қысқартылғанын ескере отырып, тиісінше оңтайландырылған штат саны қосымша функцияларды орындау үшін қайта бөлінді. «Экспорттық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес, ЕАЭО ішкі шекарасында экспорттық бақылау функциялары бекітілді, оны іске асыру үшін тиісті бөлімше құру жоспарлануда», - делінген ведомствоның «ҚазАқпаратқа» берген мәліметінде.

Бұдан бөлек, Қазақстан-Өзбекстан шекарасында тауар ағынының өту уақытын және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында кеден бекеті тәулік бойғы жұмыс режіміне ауыстырылды. Осы орайда, 2 жаңа бақылау-өткізу пункті  құрылды. Сондықтан адамдардың бір бөлігі осында көшіріледі.

Сонымен қатар Теңіз порты аумағында 24/7 жұмыс режімімен «Құрық» өткізу пункті ұйымдастырылды. Бұл тұрғыда осы жұмыстарға да қосымша штат саны қажет болып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министрлік бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырған шамамен 600 штат бірлігін қысқартады және оларды басқа жұмыс учаскелеріне ауыстыру көзделген. 

Соңғы жаңалықтар