Жұмақанов пен Патрушев Қауіпсіздік кеңестері консультацияларын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев төрағалығымен Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы жоспарланған консультациялар өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

21 маусымда Астана қаласында өткен аталған іс-шараларға екі елдің тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай және өзара іс-қимылдарды жүзеге асырудағы серіктестікті нығайту мәселелері қаралды.

В.Жұмақанов консультациялардың қорытындысын шығаруда Астана процесі аясындағы тікелей сұхбаттың жалғасу маңыздылығына тоқталып, қорытындысында Сирияның тыныш өмірге келуіне және саяси қадағалауға қол жеткізу болуы тиіс екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, тұрақты түрде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәжірибемен алмасу және горизанталды деңгейде екі елдің мамандары арасында кездесулер өткізуді ұсынды.

Консультациялар қорытындысы бойынша практикалық  сипаттағы кейбір мәселелер жөнінде уағдаластықтарға қол жетті.

Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің делегациясы халықаралық «EXPO-2017 Astana» көрмесімен танысты. Қатысу барысында ресей әріптестер көрмені өткізу және ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.

 

Соңғы жаңалықтар