Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түнде оңтүстіктің басым бөлігінде, әсіресе таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Тек батыс және оңтүстік батыс, солтүстік батыс және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және орталықта кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Оңтүстік Қазақстанда облысында тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар