Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жауын-шашынсыз ауа райы тек батыс аймақтарда күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда  облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20  м/с жетеді, кей жерлерінде тұман болады.  

Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Соңғы жаңалықтар