Жұмада Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 9 наурыз күні Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астана, Қарағанды, Петропавл, Талдықорған қалаларында метеожағдайлар ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Ал Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Орал. Өскемен, Шымкент қалаларында ластаушы заттар атмосферада ыдырайды.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар