Жұма күні кей өңірлерде бұршақ күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 9 маусым күні жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. 

Оңтүстікте екпінді жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жұма жауын-шашынсыз өтетіні болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерін тұман басып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с-пен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 

 

Соңғы жаңалықтар