Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

2017 жылғы 8 желтоқсан 05:01 625
Поделиться:
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жүма күні көп жерлерде қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында қар жаумайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, екпіні 23-28 метр болуы ықтимал.

Қостанай облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтілуде, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады.

Ақмола облысында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

 

 

 


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат