Жұма күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 16 наурыз күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларындағы метеожағдай ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Ал, Ақтөбе, Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал  қалаларында атмосферада ластаушы заттар сейіледі.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.

Фото: business.ngs.ru

Соңғы жаңалықтар