Жұма күні Қазақстанның 12 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 11 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Өскемен және Талдықорған қалаларында ауаға ластаушы заттар таралады.

Сондай-ақ, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Теміртау, Ақсай, Орал, және Шымкент қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тымық күн, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.

Соңғы жаңалықтар