Жүкті әйелдер ұшақпен қалай сапарлай алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы жүкті әйелдерді ұшақпен тасымалдау ережесін тағы да еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір балаға жүктілігі 22-ден 34 аптаға дейінгі және егіздерге немесе үшемге жүктілігі 22-ден 32 аптаға дейінгі мерзімді құрайтын әйелдер ұшақпен медициналық қорытынды болған кезде ғана саяхаттай алады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар дәрігер берген анықтама ұшып баратын елдің тіліне де аударылуы тиіс.

«Егер ұшар алдында өзіңізді жайсыз сезінетін болсаңыз, онда ұшу мүмкіншілігі туралы шешім қабылдау үшін дәрігеріңізбен хабарласуыңызды өтінеміз»,- дейді әуе компаниясы жүкті әйелдерге.

Айта кетейік, әлемде ұшақ экипажының жүкті әйелде әуе кемесінің бортында босандырып алатындығы сирек болса да кездесіп жатады. Мәселен, маусым айының соңында Сауд Арабиясының Эд-Даммама қаласынан Коччи қаласына ұшып шыққан  Үндістанның Jet Airways лайнерінің бортындағы әйелдің толғағы тосыннан келген еді. Абырой болғанда ұшақта фельдшер болып ол экипаж мүшелерінің көмегімен әйелге көмек көрсеткен болатын. Boeing 747 ұшағы жерге қонғанға дейін жүкті әйел аман-есен босанды.

Соңғы жаңалықтар