Жүкембаев кәсіби рингте өзінің алтыншы жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіби рингтегі өзінің 6-шы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жолы Жүкембаев Монреалда (Канада) өткен 6 раундтық кездесудің 5-ші раундында мексикалық Иван Перейруды нокаутқа түсірді.

Бұл Жүкембаевтың кәсіби рингте өткізген 6-шы кездесуі және жеңісі.

Соңғы жаңалықтар