Жүк көлігінің доңғалағы ұшып кетіп, аялдамадағы әйелді соққан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде жүріп бара жатқан жүк көлігінің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада тұрған әйелді соқты, деп хабарлады БЕЛТА . 

 Заводской АІІБ ОМАИ аға инспекторы Анастасия Забавскаяның айтуынша, оқиға бүгін сағат 9.20-да Партизанский даңғылында болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, контейнер тасымалдайтын жүк көлігі кетіп бара жатқанда доңғалағы жұлынып кеткен. Ол дөңгелеген күйі аялдамада тұрған 40 жастағы әйелді басып қалған. Оқиға орнына келген дәрігерлер зардап шегушіге бас сүйек-миы зақымдануы деген диагноз қойды. Сондай-ақ, ол түрлі дене жарақаттарын алған», - деді Анастасия Забавская.

Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші жолға шығардан бұрын көліктің техникалық жағдайын тексермеген. 

null 

Соңғы жаңалықтар