Жозе Моуриньо қашан зейнетке кететінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты португалиялық бапкер Жозе Моуриньо зейнетке 69 жасында ғана кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

«Футболда менің жолым болды. Мен испаниялық, италиялық, португалиялық, англиялық дербилерге қатыстым. Барлық финалдық кубоктарда өнер көрсетіп, жеңіс үшін күрестім. Бұл - керемет өмірлік тәжірибе. Мен футболдан қазір кетсем де риза болуым керек, алайда бұл менің ісімнің жартысы ғана. Алда әлі 15 жыл бар. «Манчестер Юнайтед» туралы айтсам, мен әлі ештеңе істемеген сияқтымын. Мәселен, Басби мен Фергюсон - екі аңыз, ұтқандары көп. Оларға қарасам, ештеңеге қол жеткізбегенімді түсінемін», - деп келтіреді жаттықтырушының сөзін ВT Sport.

Соңғы жаңалықтар