Жоспарлы шекаралық операция кезінде ұсталғандардың ісі сотта қаралып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік шекараның барлық шебі бойынша, оның ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінде жүріп жатқан жоспарлы операцияның басталғанына жеті күн өтті. Осы уақыт аралығында жүздеген заңбұзушылық анықталып, өткізу бекетіндегі бақылау күшейтілді, деп хабарлады Хабар24.kz.

Жоспарлы шекаралық операция басталғалы бері Қордай учаскесіне жауапты сарбаздар 223 адамды ұстаған. Олар көші-қон заңнамасын және шекаралық режимді бұзған.

Ұсталғандардың басым бөлігі дәлірек айтсақ, 142 адам Өзбекстанның азаматы, 57 адам Қырғыз Республикасынан, 8 адам - Тәжікстанның тумасы. Заң талаптарын сақтамағандардың арасында Түркия, Ресей, Әзербайжан және Ауғанстан азаматтары да бар. Олардың ісі қазір сотта қаралып жатыр. Ұсталғандардың басым бөлігіне айыппұл салынса, бірқатары сот үкімімен елден шығарылуы мүмкін.
Қордай ауданында жалпы 18 мыңға тарта шетелдік уақытша тіркеуде тұрса, оның 8 мыңға жуығы - Қырғызстан азаматтары.

Аудандық көші-қон қызметінің мәліметінше, соңғы 9 айда 145 адам ел аумағынан шығарылса, соның жартысы көрші елдің тұрғындары екен.

Соңғы жаңалықтар