Жөндеуге жабылған Атырау мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісін қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Атырау МӨЗ» ЖШС жоспарлы күрделі жөндеуді жеті тәулікке ерте аяқтады.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес, зауыт өндірісі толығымен тоқтап, онда күрделі жөндеу 18 тамызда басталған болатын.

«Ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстарына дайындық шаралары қатаң түрде бекітілген жұмыс процедураларына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы барлық нормалардың, өндірістік және экологиялық қаупсіздік ережелерінің сақталуымен өтті», - деді баспасөз қызметінен.

Мәлім етілгендей, 18 қыркүйектен бастап зауытта алғашқы өңдеу жүргізіп, кейін шикізаттан дайын өнім шығаратын қондырғыны іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қосалқы қондырғыларды іске қосу және оларды жұмыс режіміне шығару технологиялық регламенттерге сәйкес іске асырылуда. 

Соңғы жаңалықтар