«Жомарт жан» президенттік төсбелгісі алғаш рет табысталды - ҚХА

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан xалқы Ассамблеясы меценаттардың республикалық форумын өткізді. Шара аясында ұйымның «Жомарт жан» атты төсбелгісі алғаш рет табысталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараны ашқан ҚХА Төрағасының орынбасары Дарxан Мыңбай жомарттықтың қазақ xалқына тән қасиет екенін ерекше атап өтті.

null      null

 «Аталған қасиет ата-баба заманынан еш үзілген емес. Халқымыздың басты ұлттық коды да сол. Жалпы, жомарттық пен жақсылық - мейірімділік пен ізгіліктен туатын нәрсе. Ал ізгіліктен қашанда із қалады. Қайырымдылық арқылы адамдар бір-біріне мейірім түсіреді. Тіпті, имани бір сөз бар, бай болу керек, бай болған кезде басқа адамға мейірімі түседі деген. Демек, нарық заманында табыс тауып жатқан адамдарға қызғанышпен емес, оларға құрметпен қарауға тиіспіз. Әрине, бұл енді қиын, санамызды әлі де өзгерту керек. Құдайға шүкір, қазір елдің жағдайы жаман емес. Дегенмен, көмекке мұқтаж адамдар әлі де бар. Сондайларды назардан тыс қалдырмай, бар жүрегімен жақсылық жасап, жомарттық танытып жүрген азаматтарға шексіз алғысымды айтқым келеді", - деді Мыңбай. 

null 

Оның айтуынша, меценаттар республика бойынша 1 500 іс-шараға ұйытқы болды. Аталған шараларға 1 млн-ға жуық адам қатысты. "Шынын айту керек, қайырымды жандар кімге және қандай көмек жасағандарын ашық айтқысы келмейді. Дегемен, олардың еңбегін атап өту керек. Сол себепті бүгін біз үздік деген меценаттарды жинап, арнайы марапат жасағанды жөн көрдік. Негізі, елімізде ондай азаматтар көп. Бәрін жинағанда залға сыймайтын еді", - деп атап көрсетті Ассамблея Төрағасының орынбасары.

null null null null null null null 

Бүгінгі шара барысында "Қайырымдылық керуені" атты республикалық акцияның қорытындысы шығарылды. Соның нәтижесі бойынша 19 адамға "Жомарт жан" президенттік төсбелгісі табысталды. Олардың ішінде кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бар.

Соңғы жаңалықтар