Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 12 °С
Алматы: 20 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Жолдау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігіне үлкен міндеттер жүктелді

2018 жылғы 11 қаңтар 14:28 1376
Бөлісіңіз:
Жолдау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігіне үлкен міндеттер жүктелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасының Жолдауы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар міндеттерді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі меморгандармен, облыс әкімдерімен бірлесе 1 наурызға дейінгі мерзімде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторларын қайта қарап шығып, оларға қол жеткізудің шаралар кешенін даярлап, Үкіметке нақты ұсыныстарды енгізуі тиіс», - деп тапсырды Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар ҚР АШМ тарапы Білім және ғылым министрлігімен, облыс әкімдерімен бірге аграрлық ғылым мен аграрлық университеттердің рөлін қайта қарауы қажет. Бұндағы негізгі мақсат қазіргі заманғы білім мен технологияларды бейімдеуге арналмақ.

«Өңір әкімдерімен бірлесе бір айлық мерзімде ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту мен қолдау шаралары бойынша тұжырымдамалық қадамдар ұсынылуы керек», - деді Премьер-Министрі Ауыл шаруашылығы министріне қарата айтқан сөзінде.

Бұдан бөлек ҚР АШМ тарапы Инвестициялар және даму министрлігімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, бір айдың ішінде отандық өнімді алға жылжыту үшін халықаралық нарықтардағы стратегиялық алаңдарда іріктеу жүргізу жүктелді. Осы бағытта «Қазақстанда жасалған» брендіне ерекше екпін қойылмақ.

Атап айтқанда, бұл бағыттағы жұмыстардың ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жауапты болады.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат