Жолаушылар пойызының 11 вагоны рельстен шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттар-Прадеш штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 3 адам ажал құшты, тағы 13 адам жарақаттанды.

Бұл жайлы жергілікті полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі .

Полиция өкілдерінің айтуынша, Патна қаласына бара жатқан пойыздың 17 вагонының 11-і Маникпур стансасына жақын маңда рельстен шығып кеткен.

Теміржол компаниясының қызметкері Ананд Кумардың сөзіне қарағанда, алдын ала мәліметтер бойынша апатқа рельстегі жарықшақ себеп болуы мүмкін. Осы факті бойынша тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар