Жол тауқыметін тартқан өскемендік мүгедекке әкімі қол ұшын берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев І топтың мүгедегі Дәурен Алқановтың өтінішін орындап, үйіне дейін апаратын жолға асфальт төсеп беруге уәде етті, хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Дәурен Алқанов Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, өзі тұратын Богдан Хмельницкий көшесі мүгедектер арбасы түгілі, автокөліктің өтуіне қиындық келтірген. Осы себепті, бұралаң жолдармен жүруден қиналған Дәурен арбасын екі рет ауыстыруға мәжбүр болыпты. Дәуреннің өтінішінен кейін қала әкімі арнайы барып, аталған көшені жөндеп беруге уәде берген.

«Әкім менің мәселемнен шет қалмай, өзі кіріп шықты. Ол біздің көшенің жолы жөнделетініне, асфальт төселетініне уәде берді. Билік өкілдеріне жетудің өзі кейде қиындық туғызып жатқанда, қаланың әкімі келіп мәселемізге мән беріп жатқаны қуантады», - дейді Дәурен Алқанов.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі, Дәурен Алқанов осыдан екі апта бұрын қала әкімінің қабылдауында болып, жолды жөндеу туралы өтініш білдіргенін, мәселенің мәнісін түсінген қала басшысы бірден жолды жөндеуге тапсырма бергендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар