Жоғарғы сот, жаңа вокзал және Назарбаев Университетіне «жарылғыш зат» қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Жоғарғы соты мен «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы ғимараттарына қойылған бомба туралы қоңырау түсіп, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 сағат 16 минутта белгісіз адам хабарласып, «Нұрлы жол» теміржол вокзалына жарылғыш зат қойылғанын айтты. Дәл сондай қоңырау 12 сағат 30 минутта қайталанып, Жоғарғы сот ғимаратында жарылғыш зат бар екенін хабарлаған. 13 сағат 30 минутта белгісіз адам «Назарбаев Университетіне»  бомба бар деп хабарласты», - деп түсіндірді Астана ІІД баспасөз қызметі.

Аталған хабарламалар бойынша азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық шара жүргізілді.

«Көрсетілген орындарға барлық қызметтер аттанды. Оқиға орындарында жедел әрекет ету қызметтері жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті полицейлер.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен сұхбаттасқан ІІД баспасөз қызметінің өкілі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Полицейлердің жедел әрекет етуі арқылы күдіктінің 25 жастағы ер адам екені анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қылмыскерді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - дейді ІІД өкілі.

Соңғы жаңалықтар