Жоғарғы сот бизнестің мүддесін қорғауға мүдделі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы соты мен "Атамекен" ҰКП отандық бизнесті бірлесіп қорғауға уағдаласты. Осыған орай, арнайы іс-шаралар жоспары даярланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз барлық кәсіпкерлердің құқықтарын сотта барынша қорғауды көздейміз. Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілердің кеңінен таралуымен біз xалықпен тікелей диалог жасауға мүмкіндік алдық. Сот шешімімен келіспейтін адамдар виртуалды кеңістікке өз арыз-шағымдарын жиі салып отырады. Аталған әрекеттер де нақты іс-қимылға себеп болып жатады. Біз осы ашықтық қағидатын жалғастыруға дайынбыз. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз", - деді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауға арналған форумда.

Төраға мемлекет пен бизнес арасындағы дау-дамайларға қатысты көзқарасты да жақсы білетінін жеткізді. "Шыны керек, кәсіпкерлер мемлекетпен соттасқанда судьялардың бүйрегі мемлекетке бұрып тұрады деп ойлайды. Ал мемлекеттік органдар бизнесті тәртіп бұзады деп байбалам салады. Одан xалыққа келетін қауіп-қатерлер де жоқ емес. Сондықтан соттар ондай дауларды жан-жақты қарап, әділ шешім шығаруы тиіс", - деп атап көрсетті Мәми.

Айта кеткен жөн, ҚР Жоғарғы соты мен "Атамекен" палатасы бизнесті сотта қорғауға қатысты негізгі мәселелерді зерделеп шықпақшы. Бұдан бөлек, бизнестің құқықтық мәдениетін көтеру, дау-дамайларды сотқа дейін шешу және тағы басқа шаралар жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар