Жоғарғы сот Ақтөбе облыстық соты басшысының үстінен түскен шағымға қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Болат Калянбеков Ақтөбе облыстық соты басшысының судьялық этика кодексін бұзғаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы ретінде Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетайға қатысты жағдайды түсіндіріп кетсем деймін (...) Шынында да, бір топ судьяның атынан М.Әкетаймен судьялық этика кодексінің жүйелі түрде бұзылғаны туралы шағым келіп түсті. Екі бағыт бойынша - судьялық этиканы сақтау және судьялар көрсеткен нақты сот істеріне заңсыз араласуға қатысты тиісті тексеру жұмыстары басталды», - деп жазады Б.Калянбеков өзінің Фейсбук парақшасында.

Оның ақпаратына сәйкес, бірінші бағыт - судьялық этика бойынша Жоғарғы сот Комиссиясының желісімен тексеріс 2018 жылдың 13 наурызында аяқталған.

«Тексеру қорытындысы бойынша Комиссия отырысының алдында М.Әкетай өз лауазымынан босату туралы өтініш жазды. Қабылданған өтінішті қазіргі уақытта заң бойынша Жоғарғы Сот кеңесіне тапсыру бағытында процедура жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, ол тағайындау, босату, судьяларды тәртіптік жазаға тарту - заңнама бойынша реттелетін қатаң процедура екенін еске салды.

ЖСК судьяларды тағайындау және іріктеуді іске асыратын дербес мемлекеттік орган. Жоғарғы соттың төрағасы ЖСК мүшесінің бірі болып табылады. Онда шешім жалпы дауыс бойынша шығарылады. Дәл сол Жоғарғы Сот кеңесімен судьяларды орнынан босату туралы Мемлекет басшысына кеңес беріледі.

Соңғы жаңалықтар