Жоғалып кеткен 22 жастағы студент Шымкент қаласынан табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жоғалып кеткен 22 жастағы студент табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы жоғалған адамдарды іздеумен айналысатын еріктілер қоғамдық ұйымының жетекшісі Ислам Угушев фэйсбуктегі парақшасында айтты. 

«Құқық қорғау органдарының және Константин Авершиннің, біздің ұйымның күшімен Арман аман-есен табылды. Баланың жағдайы жақсы, қосымша мәліметтер кейін жарияланады», - деді Ислам Угушев.

Айта кету керек, 6 маусымда 22 жастағы алматылық студент жоғалып кеткен болатын. Арман Нұржанұлы 1-2 күнде диплом қорғайын деп отырған еді.

Соңғы жаңалықтар