Жоғалған Петропавл тұрғыны Түркиядан табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Із-түзсіз жоғалған Петропавл тұрғыны Түркиядан табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шытырман оқиғаларды жаны сүйетіндер көбінесе туыстарына хабар беруді ұмытады немесе олардың хабарын жауапсыз қалдырады», - дейді СҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Петропавлдық жедел қызметкерлер биылдың өзінде қаланың екі әйел тұрғынын іздеді. Олардың бірі Түркиядан табылды. Бойжеткен ата-анасына ескертпестен, демалу үшін кетіп қалған. Ал уайымға салынған ата-ана қызымызды жоғалттық деп полицияға жүгінген. Іздеу жарияланған екінші әйел туыстарына хабар бермей, құрбыларымен көңіл көтеруге кеткен.

Қазір СҚО полицейлері өткен жылдарда із-түзсіз жоғалған 49 адамды іздеп жатыр. Биылдың өзінде оннан астам туыстары жоғалғанын айтып хабарласқан. Соның екеуін іздеу жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар