Жоғалған алматылық оқушы Шымкентте табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен Сұлтан Әлібек Шымкенттен табылды.

Бұл туралы іздестіру жұмыстарына қатысқан еріктілердің бірі, қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің мүшесі Ислам Угушев хабарлады.

«Иә, біз Әлібекті таптық, ол аман-есен. Оны Шымкенттің автобекетінен тауып алдық. Ол жерге қалай жеткенін білмейміз. Автобус жүргізушілері оны Шымкентке дейін серік ретінде алуы мүмкін деген болжам ғана жасай аламыз. Бірақ жүргізушілер оның бала екенін түсінуі керек еді ғой. Ата-аналары жақсы адамдар, ішімдік ішпейді. Қаланың шетінде тұратындары болмаса. Маңайлары жазық дала, қамыстар. Ол жамандыққа ұшырап қалды ма деп қорықтық», - деді ол.

Әлібек Сұлтанды іздестіруге 50-ге жуық ерікті атсалысты. Іздестіру жұмыстарына қатыса алмағандар материалдық тұрғыда көмектесті - олар KIWI-әмиянға ақша аударды.

Бұған дейін хабарланғандай, Әлібек Сұлтан 23 қыркүйек күні сағат 08.00 шамасында бір шақырым жерде орналасқан мектебіне бару үшін үйінен шығып кеткен. Ол отбасымен бірге Іле ауданы «Ветеран» тұтынушылық кооператив бағбандық серіктестігі, Абрикосовая, 67 мекен жайында тұрады.

Соңғы жаңалықтар