Жітіқарада 8 көшенің атауы қазақшаланбақ - Қостанай облысы

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысына қарасты Жітіқара ауданы әкімдігінде 8 көшенің атауын қазақшалау туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жітіқара ауданындағы көшелердің атауын өзгерту туралы ұсыныстарды қарастыру бойынша жұмыс тобымен отырыс өтті. Басқосуға жұмыс тобының мүшелері мен тұрғындар қатысты.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Жаңылдық Әлмұхаметованың сөзінше, тұрғындар көше атауларын өзгерту туралы аудан әкімі Абай Ибраевтың атына бірнеше мәрте хат жазған. Сондықтан өңір басшысының ұсынысымен жұмыс тобы құрылған-тын.

Тараптардың өзара келісім бойынша келесі көшелерді өзгерту қарастырылды: «40 лет Октября» көшесіне - «Бірлік», «Карл Макс» - «Достық», «Аэродромная» - «Бәйтерек», «Шевченко» - «Бейбітшілік», «Комаров» - «Береке», «Щорс» - «Бостандық», «Новая» - «Жақсы», «Степная» - «Кең дала». Сондай-ақ, жұмыс тобы орталық алаңды «Тәуелсіздік алаңы» деп атау туралы ұсыныс білдірді.

Осы мәселеге байланысты қорытынды жиын ертең өтеді. Көше тұрғындары келіссе, жыл аяғына дейін 8 көше мен орталық алаң жаңа атауға ие болады.

Фото https://abai.kz

Соңғы жаңалықтар