ЖІӨ-дегі бизнестің үлесінің артуы мұнай бағасының төмендеуінен - Құлыбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі статистикасының артуы мұнай бағасының төмендеуінен болып отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының отырысында «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 50 процентке жеткізу жөнінде тапсырма берді. Қазіргі уақытта статистика бойынша оның көлемі 25 процент. Енді бізге қандай қарқынмен даму керек екендігіміз белгілі. Мұнай бағасы төмендегендіктен 25 процент қайдан шыққаны да түсінікті, баға құлдырамас бұрын 18 процент болған еді және қазіргі деңгейі де осы шамада деп айтуға толық негіз бар. Шынын айтқанда бізге үлкен қарқынмен алға жылжу керек. Қазақстанда бизнестің дамуына барлық жағдайлар бар», - деп атап өтті ол.

«Атамекен» ҰКП басшысының хабарлауынша, Қазақстан заңнамасы әрдайым жетілдіріліп келеді. Көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстанда бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Дегенмен бизнес-климатты одан әрі жақсарту жұмыстарын жалғастыру қажет.

Соңғы жаңалықтар