Жиналыста қалғып отыратын шенеуніктерді жауапқа тарту мүмкін емес

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Маңызды жиналыстарда қалғып отыратын мемлекеттік қызметшілерді заң аясында жауапқа тарту мүмкін емес. Өйткені, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мұндай тармақтар қарастырылмаған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қайыржан Токушев журналистердің қалғып-мүлгіп отыратын мемлекеттік қызметкерлер туралы сауалына осылай жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалғып кету деген нәрсенің өзін дәлелдеу өте қиын. Ол адам көзін жұмып қалуы мүмкін. Ал, енді ол адамға «сен осындай жиналыста ұйықтап қалыпсың десең, ол мойындамайды ешқашан. Дәлелдеу үшін оның қасында бірнеше адам куә болуы керек. Жалпы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда дәл осыған қатысты норма жоқ. Бәлкім, қабылдаған кезде заңгерлер ондай мәселе болмайды деп ойлаған шығар»,- дейді Қ.Токушев.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар сайттарда маңызды жиналыс кезінде қалғып отырған Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың  видеосы тараған болатын.

Зада Зейін

Соңғы жаңалықтар