«Жібек жолы» раллиінің финалдық кезеңі жол қауіптілігіне байланысты тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы» керуен-ралиінің жетінші кезеңіндегі соңғы түнемелік - Чжунвэй қаласына келді. Марафонның он үшінші кезеңі 170 шақырымға бейтараптану аймағына бөлінген екі арнайы учаскеден тұрады, деп хабарлады «Астана» президенттік клубының баспасөз қызметі.

null
Кезеңнің жалпы ұзындығы 690,31 шақырым. «Астана» командасының экипажы марафонның жалпы есебінде 4-ші орында. Ал өткен кезеңде алтыншы келді. Жаңбырлы түннен кейінгі Қытайдың ылғалды, қауіпті құмды жерлерінен жүріп өту жарысқа қатысушылардан көп тәжірибені талап етеді.

Ралли-марафон аяқталған жоқ. Алда ұзындығы 646 шақырым лиазон күтуде.
null 

«Жібек жолы» раллиі жобасының басшысы Владимир Чагин финалдық кезеңді не үшін тоқтатқанын түсіндірді: «Біз мыңдаған шақырымды жүріп өттік, соңғы жүз шақырым турнир кестесіндегі жағдайды өзгертпейді. Бізге экипаждардың қауіпсіздігі маңызды, сондықтан соңғы учаскені алып тастауды ұйғардық».
 null null

Экипаж 14-ші кезеңнің жолын еңсеріп, ралли мәресіне жетуі тиіс. Жарыстың ресми нәтижелері 22 шілдеде Сианда «Жібек жолы» раллиі мәресінің салтанатты рәсімінің алдында жарияланады.
null null 

Соңғы жаңалықтар