Жезқазғанда жаңа тұрғын үйлер бой көтереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Жезқазған қаласында бірнеше көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 2018 жылы төрт қабатты 36 пәтерлі, бес қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастауға 389,2 млн теңге бөлініп отыр.

Бұдан бөлек, тағы төрт көпқабатты тұрғын үй құрылысына жалпы құны 40,4 млн теңге болатын жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу жоспарланған.

«Сондай-ақ, құрылыс салушылар есебінен қалада жалпы ауданы 8200 шаршы метр бес тұрғын үй салу жоспарлануда. Ол тұрғын үйлер «Сарыарқа» ЖШС, «СовИнТех» ЖШС және «Самға» компанияларының қаражатына салынатын болады», - дейді қала басшысы Батырлан Ахметов.

Бүгінде қалада мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне 2103 азамат тіркелген. Оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін 93,5 мың шаршы метр үй салу керек.

null 

Авторы Дархан Мұқантегі

Соңғы жаңалықтар